22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні
22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні, көктемнің келуімен бірге табиғаттың жаңарып, тіршіліктің қайта жанданатын ерекше мерекесі. Бұл күн – халқымыз үшін береке мен бірліктің, татулық пен мейірімділіктің белгісі. Наурыз мейрамында адамдар бір-біріне ізгі тілектер айтып, өкпе-ренішті ұмытып, жаңа жылды қуанышпен қарсы алады. Бұл мереке арқылы ұлттық салт-дәстүрлеріміз жаңғырып, жас ұрпаққа насихатталады. Наурыз – достықтың, сыйластықтың, ізгіліктің мерекесі.